• +7 (7172)
    79-55-42

DESSANGE – бұл француз кербездігінің және көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасының үздік үлгісі, сән-салтанат және жеке стиль деген қазіргі түсініктің бейнесі

Сіз сұлулық индустриясының әлемдік нарығында 50 жылдан асқан уақыт бойы болған DessangeParis сұлулық институттарын әлемнің ең жақсы астаналарында қалайда табасыз. 2011 жылдың ақпан айынан бастап оларға Қазақстанның елордасы – Астана да қосылды. Астанадағы DessangeParis әлемдік желінің стандарттарына сәйкес құрылған. Салонның барлық шаштараз шеберлері жыл сайын Париж академиясының Dessange жетекші оқытушыларында машықтанады. Еуропада туындаған ең жақсысына Сіз де дереу қол жеткізе аласыз. 

DESSANGE Сұлулық Институтын таңдай отырып, Сіз үздік талғам мінсіз әдептілікпен және Сіздің келбетіңіз үшін кәсіби қамқорлықпен үйлесетін таңдаулы әлемге кіресіз. Сіз өзіңізге қажетті қызметтерді таңдай аласыз: шаштараз қызметтерінің барлық түрлері (бас терісіне диагноз қою, емдеу, шаш қию, бояу, мелирлеу), денеге және бетке арналған косметологиялық процедуралар, макияж, аппараттық маникюр мен педикюр, массаж және SPA процедуралары. Біздің мамандарымыз Dessange, Phytodess, L’OrealProfessionnel, MaryCohr, Alessandro, Gehwol сияқты озық брендтерімен жұмыс істейді. Білікті шеберлер Сіздің табиғи сұлулығыңыз бен даралығыңызды көрсететін мінсіз кейпіңізді қалыптастырады.

этаж
  • 4
  • 3
  • 2
  • 1
  • p
zoom
  • +
  • -
свернуть