• +7 (7172)
    79-55-45

Орталық Азия өңірінде Premium классындағы бірінші супермаркет - Galmart- Астана тұрғындарына 2011 жылдың 16 желтоқсанында өз есігін ашты. Ең жақсы шетел желілерінің сәтті тәжірибесін ала отырып, біз еліміздегі тауар сатып алу мәдениетінің деңгейін арттыруға ұмтыламыз.

Біздің міндетіміз – үздік таңдау, қолайлылық, сапа, құндылық пен сервис арқылы өмір сапасын жақсартуға бет ұстау жолымен Қазақстанның қазіргі бөлшек саудасында үлгі болу. Көрсетілетін қызметтердің сапасын дамытып отырып, біз таңдаулы гүлдер мен әсем сыйлықтардың L’Arome жайлы аралшығын аштық. Әрбір L’Arome гүлшоғы бірегей, сәнді флористикалық композиция таңғажайып ұмытылмас сыйлыққа айналады.

Біз отандық және шетел өндірушілермен және жеткізушілермен ынтымақтасып, азық-түлік және азық-түлік емес индустриясы шығарған тауарлардың кең ассортиментін, сондай-ақ өзіміз шығарған сапалы өнімдерді сатып алушыларға ұсынамыз. Өзіміздің Galmart өндірістік цехы фирмалық маркадағы хош иісті нан мен тұшпарадан тосап пен балға дейінгі жаңа өнімді әр күні супермаркетке жеткізеді. Galmart-тың негізгі ұстанымдары – өнімді мұқият таңдау, нормалар мен стандарттарды дәл сақтау және аспаздардың жоғары шеберлігін көрсету. Ең тәуір азық-түлікті таңдап, біз принципті түрде қосындылар, бояғыштар мен қоспаларды пайдаланбаймыз, өйткені дастарқаныңыздағы тамақ сізді қуантуы тиіс. 

этаж
  • 4
  • 3
  • 2
  • 1
  • p
zoom
  • +
  • -
свернуть